Атырау, 26 қараша 05:30
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жұмысшыға еңбек демалысын ұсынбаған жұмыс берушілер жазаланады

1 465 просмотра

Жұмысшысын еңбек демалысына шығармаған қазақстандық жұмыс берушілер жауапкершілікке тартылатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдинаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы азаматтардың еңбек құқығын қорғауды қамтамасыз етуге бірнеше мәрте көңіл аударған болатын. Біз де мұны Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте іске асыруға тырыстық. Атап айтқанда, әкімшілік құқықбұзушылықтың жұмысшыларға толық көлемде жалақы төлемеген және екі жыл ішінде еңбек демалысын ұсынбаған жұмыс берушіге жауапкершілік қарастыратын жаңа құрамдары енгізілді", - деді ол әкімшілік, қылмыстық-атқару, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің жаңа моделіне көшуге арналған семинар-кеңесте.

Баймолдинаның айтуынша, еңбек саласында жұмысшының тең еңбекке тең төлемақы алу құқығын бұзып, алалаған жұмыс берушіге әкімшілік жауапкершілік енгізіледі. "Сіздер қазір еңбекақы төлеуде, әсіресе, шетел жұмысшыларымен салыстырғанда, алалау жағдайлары көп шағым мен наразылық туғызатынын білесіздер", - деді ол.

"Өндірісте қайғылы оқиғалар дерегін жасыру, енді мұндай әрекет үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады", - деді вице-министр. 

Дереккөз: tengrinews.kz

13 қазан 2014, 12:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.