2014 жылғы тамызда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары алдын ала берілген деректер бойынша 62 267 теңгені құрап, 2013 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,3%-ға артты. Нақты ақшалай табыстар 2,1%-ға өсті. Бұл туралы Almaty.tv тілшісі ҚР Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика Комитетіне сілтеме жасай отырып хабаралайды.
«2014 жылғы тамызда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының көлемі бойынша Атырау облысы, Астана және Алматы қалалары алдыңғы қатарда, мұнда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,2 -1,8 есеге артық», - делінген хабарламада.
Ең төмен өңірлер қатарында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері республикалық деңгейден 23-39%-ға төмен. Сонымен бірге, халықтың нақты ақшалай табыстарының ең көп өсу қарқыны Маңғыстау облысы мен Астана қаласында белгіленді.
Дереккөз: BAQ.KZ
13 қазан 2014, 10:04
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.