Атырау, 26 қараша 05:20
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Эбола безгегі жуырда Қазақстанға жетуі мүмкін

1 781 просмотра
Егер жуық арада Эбола вирусына қарсы вакцина жасалмаса, 2014-2015 жылдары қауіпті ауру Қазақстанға да келуі мүмкін. Оның ауа арқылы ғана емес, топырақпен де таралуы ықтимал, - деп жазады "Мегаполис"

Басылымның мәліметінше, басты мәселе - вирустың инкубациялық кезеңінің 21 күн екені, айталық, әлемді дүр сілкінткен Заир эболавирусы, ол ауру адамға жақындағаннан-ақ жұғады.

Қазақстан әзірше Гвинея, Либерия, Сьерра-Леоне елдерімен ешқандай байланыс жасап отырған жоқ, сол себепті аурудың елімізге келу қаупі байқалмайды. Дегенмен бұл жұқпалы аурудың Қазақстанға Еуропа немесе АҚШ, Үндістан, Таиланд немесе Түркия арқылы жетуі ықтимал. 

Ыстамбұлға Киншаса (Конго) мен Лагостан (Нигерия) аптасына бес тікелей рейске дейін келеді. Ауру ошағы - Батыс Африка елдерінен Үндістан мен Таиландқа да әуе қатынастары жақсы дамыған. 

Аурудың құрлық арқылы таралуына келсек, Қырғызстан мен Өзбекстанның шекарасы анағұрлым қауіптірек. "Егер Ташкенттің немесе Бішкектің тұрғыны шетелде, айталық, Ыстамбұл, Дели немесе Бангкоктың әуежайында африкалық рейстің жолаушысымен сөйлессе, ал ол Эбола вирусын жұқтырған болса, бірнеше күннен соң ташкенттік немесе бішкектік тұрғын ауырмағанымен, вирус жұқтырған күйі Оңтүстік Қазақстан облысына немесе Жамбыл облысына тойға баратын болса, біздің мамандар Сарыағаштың немесе Қордайдың өткізу пунктінде Эбола жұқтырған адамды бірден анықтай ала ма?" - деп сұрайды басылым.

Тамыз айының соңында Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары Айтмағамбет Жолшоринов қазақстандық телеарналардың бірінің эфирінде Қазақстанда Эболаға қатысты ахуалдың қауіп туғызбайтынын айтқан еді. "Бізде адамдардың бұл инфекцияны жұқтыруына себеп болатын жағдайлар жоқ. Ауру тек қана оңтүстікафрикалық елдерде кездеседі. Әдетте адамға бұл ауру вирус жұқтырған шимпанзеден немесе горилладан берілуі мүмкін. Ондай жағдай бізде жоқ", - деген болатын Жолшоринов.

Еске сала кетейік, Эбола безгегі Батыс Африкада - Либерия, Сьерра-Леоне, Гвинея, Нигерия, Конго және Сенегалда жылдам таралып жатыр. Ауру АҚШ, Испания,, Норвегия, Австралия және басқа да елдерде тіркеле бастады. Ауру жұқтырғандардың арасында Батыс Африкадан еліне келген азаматтар да, Африкада ешқашан болмаған азаматтар да бар. 

Толығырақ: http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/ebola-bezgeg-juyirda-kazakstanga-jetu-mumkn-257391/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Tengrinews.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

13 қазан 2014, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.