«Жер учаскелерiн ұтымды пайдалану мақсатында шаруа (фермер) қожалықтарын қоршаған ортаға эмиссия төлеуден босата отырып, олар үшін бiрыңғай жер салығының мөлшерлемесi 1,5 есеге, ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi заңды тұлғалар үшiн жер салығының ставкасы 5 есеге арттырылады. Салық салудың жалпыға бiрдей белгiленген режимiн қолданатын шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi заңды тұлғалар үшiн еңбекақы төлеу қоры мөлшерiнде қосымша шығыстарға салық салынатын табысты азайту құқығын бере отырып, әлеуметтiк салық мөлшерлемесiн 6,5%-ға төмендету ұсынылады», - дедi Е.Досаев.
Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушілерді көлiк пен мүлiкке салынатын салықтан босату да ұсынылып отыр.
Бүгiн Мәжiлiсте «ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасы бiрiншi оқылымда қаралды. Заң жобасының мақсаты – елдiң одан әрi тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуы үшiн қолайлы кәсiпкерлiк орта құру және жағдай жасау.
Дереккөз: bnews.kz