Атырау, 26 қараша 05:52
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Сенат комитетінде еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы жүйесін жетілдіруге қатысты заң жобасы қаралды

2 832 просмотра

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына жәрдемдесетін негіздер туралы конвенцияны (187-конвенция) ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Құжат 2006 жылғы 15 маусымда Женева қаласында Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының 95-ші сессиясында қабылданды.

Конвенцияның мақсаты - өкілетті жұмыс беруші ұйымдармен және жұмысшылармен консультациялар негізінде ұлттық саясат, ұлттық жүйе және ұлттық бағдарламалар әзірлеу арқылы өндірістік жарақат, кәсіптік ауруға шалдығу және өндірісте адамдардың қаза болу жағдайларын ескерту.

Конвенцияның ережелері экономика қызметіндегі барлық салаға және жұмысшылардың барлық топтарына қолданылады.

Қазақстан Республикасының осы Конвенцияға қатысуы және оның ережелерін ұлттық заңнама арқылы іске асыру жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы саласындағы жауаптылығын арттырады және өндірісте жарақат алу және кәсіптік ауруға шалдығу деңгейін төмендетеді.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

7 қазан 2014, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.