Атырау, 26 қараша 05:45
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ақтау түрмесінде қызымен ұрысып қалған қылмыскер асылып өлді

2 903 просмотра

Төтенше жағдай өткен жұма, 3 қазанда, орын алған. Сотталған жігіттің мәйіті ГМ 172/1 түзеу мекемесінің маңындағы кір жуатын жердің жанынан табылған. Оның өз-өзіне қол жұмсауына қызымен ұрысып қалуы себеп болуы мүмкін. Камераластары жігіт қазасынан бұрын сүйіктісінен «сенен кетемін» деген суыт хабар алған дейді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

 Ақтау түрмесіне Қызылорда тумасы Ақтөбе облысынан келіпті. Бастапқыда 25 жасар жігіт «бұзақылық» жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан. Бір жылдан соң жаман тәртібі үшін тағы 2 жыл 9 ай қосып алды.

«Жедел-тергеу тобы оқиғаның суицид екенін растады. Сотталған жігіттің денесінен ешқандай жарақаттар табылмады. Ол ГМ 172/1 мекемесіне 2013 жылы келді. Жазасын өтеп бітуге бір жыл қалған болатын», - деп әңгімеледі Маңғыстау облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы Тимур Гашимов.

Қазірде болған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл іспен қалалық прокуратура айналысып жатыр. Сотталған жігітті жерлеу үшін еліне жөнелту жоспарланып отыр. Мәйіті әзірге Ақтау қаласында.

Дереккөз: bnews.kz

7 қазан 2014, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.