Атырау, 26 қараша 05:55
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстандықтар 1 қарашадан бастап Аргентинаға визасыз бара алады

2 143 просмотра
Қазақстандықтар 1 қарашадан бастап Аргентинаға визасыз бара алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Аргентинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Пабло Ансельмо Теттамантиге сілтеме жасап. 

"Қазір ғана біз Қазақстанның Мемлекеттік хатшысымен осы туралы әңгіме өрбіттік. Біріншіден, осы жылдың 1 қарашасынан бастап екі ел арасындағы қысқа мерзімді сапарларға виза талаптары алып тасталады. Демек Қазақстан азаматтары Аргентинаға визасыз бара алады, сол секілді Аргентина азаматтары да қысқа мерзімге Қазақстанға келе алады", - деді ол ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбековке сенім грамотасын тапсырғаннан кейінгі баспасөз мәслихатында. 

Ол бұл қадам "біз әрі қарай жүретін жалпы жолға шығуымызға көмектеседі", - деп сенім білдірді. Сондай-ақ дипломат Аргентина елінің Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін қолдайтынын жеткізді. "Бұл мәселеде біз сіздерді қолдайтын боламыз, біз сіздерді 2017 жылы Қазақстан EXPO еліне айналатынымен құттықтағымыз келеді. Сонымен қатар спорт саласында да сіздермен тығыз ынтымақтастық құрудың мүмкіндігі зор екендігін көріп отырмыз. Сіздер білесіздер, аргентиналықтар футболды жақсы көреді, міне, осыны бұл елде бірлесіп жасаймыз деген үміттемін", - деді ол. 

Бұдан бұрын мамыр айында Қазақстан мен Аргентинаның визасыз тәртіп туралы келісімге қол қойғаны хабарланған болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz

 

7 қазан 2014, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.