Атырау, 26 қараша 05:32
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қарашада egov порталында жаңа «Жеке кабинет» іске қосылады

2 323 просмотра

Алдағы айда egov порталында жаңа «Жеке кабинет» іске қосылады.  Бұл туралы ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру мен ақпарат комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Еgov.kz әзірлеушілерінің айтуы бойынша, жаңа «Жеке кабинет» үш негізі компоненттерден тұратын болады: «Дербес құжаттама», «Хабарлама» және «Азаматтың көмекшісі».

Атап айтқанда, «Дербес құжаттамада» азаматқа мемлекеттік деректер қорындағы ол туралы барлық  ақпарат қолдетімді болады. Яғни онда аты-жөні мен куәлігінің нөмірінен бастап мекенжай тіркеуі мен отбасы жағдайы туралы, одан басқа, құжаттама жылжымайтын мүлік көлік құралдарының иесі жайында, әлеуметтік мәртебесі, сондай-ақ алынған лицензиялар туралы ақпарат қамтылады.

«Азамат өмір бойы мемлекетпен өзара іс-қимылда болады. Еgov-та жеке кабинетті жаңартудың мақсаты - ол өзара іс-қимылды жеңілдету. Мемлекет азаматқа егер жеке куәлікті ауыстыру мерзімі жеткен жағдайда, айыппұл жазылған кезде және оны төлеу керек болғанда, сонымен қатар балабақшаға баланың кезегінің реті өзгерген жағдайда хабарлайтын болады.  Жылдың аяғында пайдаланушының «Жеке кабинетіне» жылжымайтын мүлік құқық иесінің өзгергендігі туралы, көлік жүргізуші куәлігін ауыстыру және техникалық байқауды өту қажеттілігі туралы, балабақшаға баланың кезегінің жылжуы жайында және басқа да хабарлама келетін болады. Автоматты түрде, кабинеттен шықпай-ақ, ол сонымен қатар аса танымал қызметтерді алуға мүкіндік жасалды» - деді Байланыс, ақпараттандыру және байланыс комитетінің төрағасы Сәкен Сәрсенов.

Хабарлама сонымен қатар азаматтың электрондық поштасына және ұялы телефонына  жіберілетін болады. Пайдаланушыға қолайлы болуы үшін оларды алуға қол қою немесе жазуға мүмкіншілік берілген. Алдағы уақытты egov-та «Жеке кабинеттің» жаңа мүмкіншіліктері заңды тұлғаларда да пайда болады. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

7 қазан 2014, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.