Атырау, 26 қараша 05:58
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Аргентина Қазқстанның ДСҰ-ға кіруін қолдайды

1 552 просмотра

Бүгiн Ақордада журналистерге берген сұхбаты барысында Аргентина Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкiлеттi елшiсi Пабло Ансельмо Теттаманти Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымына енуiне Аргентинаның қолдау көрсететiнiн бiлдiрдi, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

«Жаңа ғана Қазақстанның Мемлекеттiк хатшысымен (Әдiлбек Жақсыбеков – ҚР Мемлекеттiк хатшысы – агенттiк) күрделi пiкiр алмасу болды. Мен ең алдымен 1 қарашадан бастап екi ел арасындағы қысқа мерзiмдi визаларға жоғары талаптардың жойылатынын еске салдым», - дейдi елшi.

Пабло Ансельмо аталған шараны екi елдiң ортақ ынтымақтастық жолына жасалған алғашқы қадамға теңедi.

«Бiз Қазақстанның ДСҰ-ға кіруiн қолдаймыз. Бiз барлық мәселеде Қазақстан елiне қолдау көрсетпекпiз. Сонымен қатар, Қазақстанның ЭКСПО-2017 көрмесiн жеңіп алғанымен құттықтағым келедi. Бұған қоса, мен спорт саласында тығыз қатынастар орнату мүмкiндiктерiн қарастырып отырмын», - деп түйiндедi ол өз ойын.

Дереккөз: bnews.kz

7 қазан 2014, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.