Иран Әміров сенатор лауазымына 2008 жылы Ақтөбе облысынан сайланған. Ол бұған дейін ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі болып қызмет етті. Иран Әміров Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері және республиканың құрметті судьясы атанған. Ол әр жылдарда Ақтөбе облыстық сотының төрағасы, Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі секілді лауазымды қызметтер атқарды.
Парламенттің Жоғарғы палатасында сенатор Әміров бірқатар заңдарды талқылау барысында өзінің ұсыныстарын енгізді. Мысалы, "Неке және отбасы" Кодексі қабылданарда депутат Иран Әміров шетелдік азаматтар ҚР азаматтарымен үйленетін болса, онда міндетті түрде қазақша білуі керек" деген талап енгізді. 2011 жылы депутат жезөкшелікпен күресу жолдарын ұсынды. Сондай-ақ, Қытай Қазақстан қанытастарындағы миграциялық мәселелерге алаңдатушылық білдірді.
Естеріңізге саламыз, биыл 2008 жылы қазанда сайланған депутаттардың мерзімі аяқталды. Олардың арасында Иран Әміров те бар.
Дереккөз: tengrinews.kz