Атырау, 26 қараша 05:45
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Калачиде тағы 3 адам қалың ұйқыға кетті

1 527 просмотра
Ақмола облысында «ұйқы дерті» қайта дендеп жатыр. Белгісіз аурумен аты шыққан Калачи ауылында тағы 3 адам қалғып кеткен. Аурухана төсегіне таңылған 64 жастағы қария мен 12 және 17 жастағы жеткіншектер деп хабарлайды KTK

Мұндай диагнозбен өткен бейсенбіде ғана екі қарияның ауруханаға түскенін хабарлағанбыз. Індеттің себебін анықтау үшін тиісті мамандардан құралған комиссия талай мәрте тексеру де жүргізген. Бірақ сол күйі нәтиже жоқ. Енді міне, жұмбақ ауру тағы бас көтеруде. Соңғы екі айдың өзінде 15 адамды ұйқы қысып, естерінен таныпты. Осылайша,қалғып кеткендердің саны апта сайын артпаса, азаятын түрі жоқ. Енді Калачиге Денсаулық сақтау министрлігінен тағы да мамандар барып, тұрғындарды медициналық тексеруден өткізбекші.

Дереккөз: Baq.kz

7 қазан 2014, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.