Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков журналистермен кездесу кезінде қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталған әріптестері үшін уайымдайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, Қарағанды облысында үлкен дау-дамай туындады. Алты бірдей мемлекеттік қызметкерге сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасады деген күдік келді, олардың арасында аймақ пен облыс орталығының бұрынғы басшылары, аудан әкімінің орынбасары және әкімдіктің бөлім басшылары бар.
Әбдібеков "тергеудің әділ жүргізілетініне және ешкімнің негізсіз айыпталмайтынына" үміт білдірді. "Мен әкім ретінде бұл оқиғалардан тыс қала алмаймын. Бұл келеңсіз жағдайды күйзеле отырып қадағалайтын боламын, өйткені қылмыстық істің барлық фигуранты - менің әріптестерім. Мен олардың жағдайына алаңдаймын және құқық қорғау органдары мән-жайды анықтайды деп үміттенемін де, сенемін де", - деді ол. Солай дегенімен, облыс әкімі Қарағанды өңірінің бірқатар саласында жағдайдың қанағаттанарлық емес екенін атап өтті. "Мемлекет басшысының біздің өңірге қатысты қатал сыны әділетті болды. Қазіргі уақытта біз барлық ескертпелер бойынша жұмыс істеп жатырмыз", - деді ол. Еске сала кетейік, 30 тамыз күні Қазақстан Президенті Қарағанды облысына жасаған сапары барысында аймақ басшылығының атына сын айтқан болатын.
23 қыркүйек күні Қарағанды облысының бұрынғы әкімі қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды. Содан кейін Қарағандының бұрынғы әкіміМейрам Смағұлов пен қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ернар Дәрібековтұтқындалды. Қарағанды қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Мұхтар Адамбеков, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің бұрынғы басшысы Айдос Жәкенов пен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Марлен Шалтақов та ұсталды.
Дереккөз: Tengrinews.kz
Толығырақ:http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/abdbekov-onrdeg-jemkorlyik-adlett-tergeled-dep-umttened-257255/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Tengrinews.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі.