Атырау, 26 қараша 03:52
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Самұрық-Қазына» құрылған мақсатына жұмыс істеуі тиіс- Назарбаев

1 280 просмотра

«Самұрық-Қазына»  ұлттық әл-ауқат қоры құрылған мақсатына жұмыс істеуі тиіс, деп есептейді Қазақстан  президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

«Біз әлемдік тәжірибелерді саралай отырып, жоғары технологиялық және тиімділігі жоғары компанияны қалыптастыруды, еліміздің байлығын еселейтін компанияны құруды мақсат еттік. «Самұрық-Қазына»  қоры құрылған соң әлемдік дағдарыс басталып, ол төтенше жағдайларды шешу үшін күрделі жағдайларға тап болған банктердің құрамына енді. Банктер де жұмысын қазір жандандыра бастады. Ендігі міндет - қорды өзінің құрылған мақсатына қайта оралту», - деді Назарбаев дүйсенбіде трансформация форумында.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

6 қазан 2014, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.