«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы 2020 жылға дейін 500 млрд теңге үнемдеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін трансформация форумы аясында журналистерге берген сұхбатында «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ президенті Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Қазақстан темір жолы» компаниясы бизнесті трансформациялау бағдарламасын алғашқылардың бірі болып жүзеге асыруға кірісті. Біз жоғары білікті 100 маманнан тұратын жұмыс тобын құрдық. Олар қызу жұмыс істеп жатыр. Бағдарлама аясында жүк және жолаушы тасымалы, инфрақұрылым, тағы бірқатар салаларда негізгі бизнес үдерістер қайта қарастырылады», - деді А.Мамин.
Оның атап өтуінше, әлемнің корпоративтік секторындағы белгілі компаниялармен серіктестік жұмыс тиімділігін арттыру, корпоративтік басқару деңгейін көтеру бағытында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
«Жалпы, бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 2020 жылға дейін біздің шығыстар 500 млрд теңгеге қысқарады», - деп толықтырды ол.
Дереккөз: bnews.kz
6 қазан 2014, 10:06
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.