Атырау, 26 қараша 03:26
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстандық ватерполшылар Азиада чемпиондары атанды

2 722 просмотра

Судағы поло спортынан Қазақстан ерлер құрамасы сәрсенбіде оңтүстік кореялық Инчхонда Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды. 

Спортшыларымыз финалдық ойында Жапония құрамасынан 7:6 есебімен басым түсті. Кездесуде Александр Аксенов 3 доп, ал оның командаласы Владимир Ушаков 2 доп соқты, Сергей Губарев пен Алексей Шмидердің есебінде 1 ұпайдан бар. Күміс жапондарда, ал Қытай құрамасы 3-орынды қанағат тұтты.

Естеріңізде болса, қазақстандықтар 2010 жылы Гуанчжоуда өткен Азия ойындарында да тұғыр биігіне көтерілген болатын. Сөйтіп, спортшыларымыз бұл жолы чемпиондық атақтарын қорғап қалды.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

 
1 қазан 2014, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.