Күзгі әскер қатарына шақыру «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға және Мемлекет басшысының ҚР азаматтарын 2014 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы Жарлығына сәйкес жүргізіледі.
Биылғы күзде ҚР Қарулы Күштерінің қатарына 12 мыңнан астам жасты шақыру жоспарланған. Әскери бөлімдерге іріктеу және бөліп тарату кезінде жастардың әскер қатарына шақырылғанға дейін алған мамандықтары ескерілетін болады.
Дереккөз: Baq.kz