Атырау, 26 қараша 03:46
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Сайлау халықаралық стандарттарға сай өтті - ТМД ПА халықаралық байқаушылары

1 704 просмотра

ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясы атынан келген байқаушылар Қазақстандағы сайлауалды компаниясына толық мониторинг жүргізді. Бұл туралы бүгін Астанада ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясы атынан халықаралық байқаушылар тобының үйлестірушісі, Тәжікстан ғылым академиясының президенті Фарход Рахимов мәлім етті.

«ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясы атынан бүгін сайлау үдерісін байқап отырдық. Атап айтқанда, біз ең үлкен делегация ретінде келіп отырмыз. Делегация құрамында Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Ресей, Молдова және Тәжікстан елдерінен 28 байқаушы қамтылды. Сенат сайлауының куәгерлері ретінде осы үдеріске біздің сарапшылар тобы сайлауалды компаниясына мониторинг жүргізіп, толық талдау жасады. Біздің қорытынды есептік құжатта сайлау халықаралық стандарттарға, Қазақстан заңнамасына сай өткендігі атап өтілді», - деді Ф.Рахимов.

Осы орайда ол Сенат сайлауы әділ әрі ашық өткендігін және делегация тарапынан ешқандай ескерту жоқ екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін еліміздің барлық өңірінде ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру өтті. Дауыс беру бюллетеньдеріне ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына тіркелген 39 кандидаттың тегі енгізілді. Астана уақытының сағат 11-дегі жағдай бойынша таңдаушылардың барлық отырыстары ашылды.

Қазіргі уақытта алдын ала мәліметтер бойынша еліміздің өңірлерінен дауыстардың басым бөлігін жинаған кандидаттардың есімдері белгілі бола бастады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

1 қазан 2014, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.