Атырау, 26 қараша 03:47
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ұйқышылдық ауруына байланысты Калачи сүрілмейді - әкімдік

1 665 просмотра
Ұйқышылдық ауруына байланысты Калачи ауылы сүрілмейді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Баспасөз қызметінің түсіндіруінше, Калачи ауылын көшіру туралы тапсырма түспеген. Қазіргі таңда аталмыш елді мекенді сүру мәселесі қарастырылып отырған жоқ. Бұл бағытта түпкілікті шешім қабылдау үшін алдымен аурудың себебі мен этиологиясын анықату керек", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Әкімдіктің мәлімдеуінше, егер зерттеудің нәтижесі бойынша, бұл елді мекенде тұру тұрғындарға қауіп төндіретіні дәлелденетін болса, онда қандай да бір шешім қабылданады. Қазір "ұйқылы ауылдағы" бұл жағдайды жете тексеру үшін тағы да ғалымдар шақыртылып отыр.

Қыркүйек айының басында Калачи ауылында халық ұйқышылдық ауруы атап кеткен этиологиясы беймәлім энцефалопатия деректері қайталанған болатын. 1 қыркүйек күнгі салтанатты мереке кезінде бірден 9 оқушы ұйқыға кеткен. Осының алдында ғана сондай ауру белгісімен тағы жеті ересек адам ауруханаға көрінген. БАҚ құралдарында Калачи ауылы көшірілуі мүмкін деген ақпарат тарады.

Бұл ауру түрінің себебін анықтау үшін Калачи ауылында тағы да тексеру жұмыстары басталды. Жақында ғана Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, энергетика министрлерінің қатысуымен ведомствоаралық кездесу өткізілген болатын.

Еске сала кетейік, Ақмола облысында ұйқышылдық ауруының алғашқы дерегі өткен жылдың наурыз және сәуір айында тіркелген болатын. Ол кезде 14-70 жас аралығындағы 10-ға жуық жергілікті тұрғын дәрігерге көрінген. Олардан бас ауруы, әлсіздік, шаршау, ұмытшақтық белгілері байқалды. 2014 жылы бұл ауру қайта қайталанды. 2013 жылғы наурыз айынан бергі кезеңде ұйқы дертіне себеп болуы мүмкін барлық факторларға қатысты 7 мыңға тарта зерттеу жүргізілді. Бірақ дәрігерлер аурудың нақты себебін анықтай алған жоқ. Осы жылдың мамыр айында жұмыс тобы қол жеткізген нәтижелердің негізінде ауру белгілерінің пайда болуына жылу маусымында жертөлелерде және желдетілмейтін тұрғын үйлерде жиналып қалатын буланудың жоғары концентрациясы себеп болды деген алдын ала қорытынды жасаған еді.

Дереккөз: tengrinews.kz

 

29 қыркүйек 2014, 12:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.