Фото: NUR.KZҚарағанды. 24 қыркүйек. ҚазТАГ – Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев ұсталды, деп хабарлады құқыққорғау органының дерек көзі.
«Астанада таңғы сағат 4-те (Б.Әбдішевті - ҚазТАГ) ұстады», - деді сұхбаттасы агенттікке сәрсенбіде.
Бұл ретте сұхбаттасы бұрынғы әкімнің қызметтік лауазымын асыра пайдаланған деп күдіктелуде екенін айта кетті.
Еске салсақ, ағымдағы жылдың 20 маусымында Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев өз еркімен қызметінен босатылған болатын. Өңір басшысы болып Нұрмұхамбет Әбдібеков тағайындалды. Ол бұған дейін Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған еді.
Бұл ретте, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Б.Әбдішевтің жер мәселесіндегі заңсыз әрекеттері үшін қызметінен кеткенін хабарлады.
«Биыл көктемде менің атыма бір топ кәсіпкерлерден облыс басшысының жер мәселесіне қатысты заңсыз әрекеттерін тоқтату бойынша жазған өтініш келіп түсті. Мен араластам. . Косиссия жіберіп, адамдардың не жазып жүргенін тексерттік», - деді мемлекет басшысы тамыздағы өңірге барған жұмыс сапары барысында қоғаммен және кәсіпкерлермен кездесуде.
Дереккөз: ҚазТАГ