Ақтау. 23 қыркүйек. ҚазТАГ – Ақтауда келесі жылы балалар киностудиясы пайда болады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Маңғыстау облыстық жастар орталығында бүгін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оны 2015 жылғы наурыз айына аяқтау жоспарлануда. Ол жерде бізге бөлме қарастырылған, онда балалар киностудиясының филиалы ашылады», - деді сейсенбі күні «Болашақ фильм» шығармашылық бірлестігінің көркемдік жетекшісі, бас продюссері Эдуард Табишев.
Оның айтуынша, аталған мәселе бойынша қалалық әкімшілікпен уағдаластық бар.
Эдуард Табишевтің айтуынша, киностудия балаларға ерте мамандық таңдауға көмектеседі, ал қазақстандық кинематорграф балалардың кәсіби түсіру тобымен, актерлермен және кино саласындағы басқа да мамандармен толығады.
Э.Табишев бүгіндері өзіміздің ұлттық балалар киносын жасау керек дейді.
Дереккөз: ҚазТАГ