Атырау, 6 желтоқсан 07:38
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Алматы облысында әскери ұшақ апатқа ұшырады

2 601 рет қаралды

Алматы облысында Су-27 ұшағы құлап түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік өкілдерінің мәліметінше, 23 қыркүйек күні жергілікті уақыт бойынша сағат 20.42-де оқу-жаттығу ұшулары кезінде Су-27 ұшағынан байланыс үзілген. Экипаж мүшелері - подполковниктер Е.Ж.Науанов пен Д.И.Горбунов. Іздестіру жұмыстары барысында ұшақтың құлаған жері табылды.

Қазіргі уақытта ұшқыштарды іздеу жалғасып жатыр. Әуе апатының себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның басқа жай-жапсары әзірше белгісіз.

Дереккөз: tengrinews.kz

24 қыркүйек 2014, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.