Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында трап жаттығуында әйелдер арасында стенд атудан командалық сайыс өтті, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстан құрамасы бірінші орын алып, ел қоржынына үшінші «алтынды» салды. Бұл бәсекеде жерлестеріміз Анастасия Давыдова, Мария Дмитриенко және Оксана Середа қарсыластарынан оқ бойы озып шығып, үздік нәтиже көрсетті.
Екінші орын алған қытайлықтар күміс жүлде иеленді, ал Солтүстік Корея командасы қола медальды қанжығаларына байлады.
Дереккөз: Қазақтан жаңалықтары АА.