Атырау, 26 қараша 02:31
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ЕАЭО елдері үшін «.еа» жаңа домені тіркелмек

2 238 просмотра

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қатысушы мемлекеттер үшін «.еа» - жоғары деңгейдегі бірыңғай географиялық доменді тіркеу қолға алынды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Александр Хотько мәлімдеді, деп хабарлады «Известия».

Оның айтуынша, комиссия Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енгеннен кейін «.еа» доменін немесе басқа да ұқсас екі әріптік домендер құру мәселесі бойынша ICANN (Internet Corporation for Assigned Names and Numbers корпорациясына жүгінбек.

Хотьконың айтуынша, ISO-3166 халықаралық стандартына өзгерістер енгізу іс-шарасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енгенге дейін басталуы мүмкін. Оның айтуынша, әдетте, көрсетілген халықаралық стандартты дайындау және оған өзгерістер енгізу ұзақ уақытты алады, нақтырақ айтқанда, 2-3 жылға созылуы мүмкін.

Болжам бойынша, «.ea» доменінде неғұрлым төмен деңгейдегі домендік атауларды тіркеу құқығын Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттер аумағында тіркелген азаматтар мен мен ұйымдар алмақ.

Дереккөз: ҚазАқпарат

23 қыркүйек 2014, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.