«Біздің қазақстандық мұрағаттар жүйесі жақсы қарқынмен дамып келе жатыр. Бұл бағытта мемлекеттік мұрағаттардың жаңа ғимараттары салынып жатыр, сондай-ақ олар алдыңғы қатарлы технологиялармен жабдықталады. Мемлекеттегі ең құнды құжаттар жақсы жағдайда сақталуы тиіс», -деді ол.
Мұнымен қоса, М. Жақыпов қазақстандықтарға мұрағат мәселесі бойынша өз ұсынысын білдірді.
«Әрбір отбасыда маңызды құжаттар бар, яғни өзіндік құндылығымен ерекшеленетін фотосуреттер, бейне материалдар сақталған. Ұлттық мұрағат қоры тек мемлекеттік маңызы бар құжаттармен ғана емес, сонымен қатар әр отбасының маңызды құжаттарын қамтиды. Сондықтан да осы құжаттарды сақтау керек. Мемлекеттік әрбір мұрағатта қазіргі кезде жеке қорлар құрылған. Онда біз бірінші кезекте танымал отандастарымыздың, ұлттық ауқымдағы қайраткерлердің материалдары мен құжаттарын жинап жатырмыз. Оны олардың отбасы мүшелері әкеліп тапсырып отыр. Бұл құжаттар отбасылардың меншігі болып қала береді. Ең маңыздысы - бұл материалдар мұрағатта жақсы сақталады. Сонымен қатар, сақтандыру қорын да құрамыз»,-деді М. Жақыпов.
Айта кетейік, бүгінгі Жалпы конференцияға ТМД елдерінің мемлекеттік мұрағат қызметтерінің басшылары мен ғалымдар, халықаралық ұйымдардың өкілдері келді. Олар аса құнды құжаттарды сақтау, тәжірибе алмасу, салада соңғы буынды технолгияларды енгізу мәселелерін талқылауда.
Дереккөз: ҚазАқпарат