Атырау, 19 мамыр 10:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Сара Назарбаеваның інісі қайтыс болды

2 302 просмотра
Сара Назарбаеваның інісі Саяхат Қонақаев өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 қыркүйек күні компанияның басқарма төрағасының орынбасары Саяхат Алпысұлы Қонақаев қайтыс болды. 

Саяхат Қонақаев ұлттық тау-кен компаниясы басқарма төрағасының орынбасары қызметін 2009 жылдың мамыр айынан бері атқарды. Ол 1955 жылдың 3 маусымында дүниеге келген. 1980 жылы Қарағанды металлургия комбинатының жоғары техникалық оқу орнын (зауыт) "Инженер-металлург" мамандығы бойынша тәмамдады. Әр жылдары ҚР Экономика және сауда министрлігінде, Инвестициялар жөніндегі агенттікте, Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде жұмыс істеді.

Дереккөз: tengrinews.kz

 

22 қыркүйек 2014, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.