Мемлекеттік тілді қолдау жиыны. Алматы, 19 қыркүйек 2010 жыл. Бүгін, 22 қыркүйек - Қазақстанда қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болғанына 25 жыл толды. 1989 жылы осы күні Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі "Тіл туралы заң" қабылдап, оған сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілген.
Содан бері Қазақстан үкіметі мемлекеттік тілдің дамуы, оқытылуы мен қолданыс аясының кеңуіне және ресми мекемелерде іс жүргізуді қазақшаға көшіруге қатысты ондаған бағдарлама қабылдаған. Олардың кейбірін жүзеге асыру кезінде Тіл комитетінің өкілдері арасында жемқорлық дауына ілініп, істі болғандар кездесті. 2009 жылы бұрынғы Тіл комитетінің төрағасы Ерден Қажыбекке «қазақ-орыс-ағылшын электрондық сөздігін жасау жобасына бөлінген 65 миллион теңге қаржыны талан-таражға түсірді» деген сырттай айып тағылып, қылмыстық іс қозғалған.
1997 жылы Қазақстан президенті бекіткен «Тіл туралы» заңның 4-бабында «үкімет мемлекеттік мәртебесі бар қазақ тілін азаматтардың еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға міндетті» деп көрсетілген.
Дереккөз: Азаттық радиосы