Атырау, 26 қараша 02:47
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Елбасы өздерінің ата-аналарын қарттар үйіне тастап кететін қазақстандықтарды сынға алды

2 534 просмотра

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өздерінің ата-аналарын қарттар үйіне тастап кететін қазақстандықтарды сынға алды.  

«Егде жастағы жеті мыңнан астам адам қарттар үйінде өмір сүруде, ал олардың көбінің дені сау, табысты балалары бар. Қартайған ата-анасын тастап кету деген біздің дәстүрімізде жоқ, жалпы бұндай түсінік болмаған. Қоғам туған баласы мен ата-анасын тастап кету секілді әрекеттерді масқара құбылыс ретінде бағалауы тиіс. Бұл біздің жанымызға жат құбылыс. Халқымыз әкені асқар тауға балаған, ешқашан алдын кесіп өтпеген, «жұмақ ананың табанының астында» деп анасын сыйлаған. «Бала бауыр етің» деп ұрпағына айрықша қамқорлықпен қараған. Қандай жаугершілік заманның өзінде жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған елміз. Біз - қазақ осындаймыз!», - деді Мемлекет басшысы.

Президент  ата-анасын қарттар үйіне тапсыратын қатыгез ұрпақ, баласынан жеритін көкек ана халқымызда ешқашан болмағындығын атап өтті.

«Бұл біздің дәстүрімізге қайшы, салтымызда жоқ әрекет. Жастық шақта ата-анаңа не көрсетсең, қартайғанда өз ұрпағыңнан соны көресің. Ата-анаңа құрметпен қарау, халықты сыйлау, ұрпаққа қамқорлық жасау әрбір адамның қасиетті борышы емес пе?!», - деді Елбасы.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

 
19 қыркүйек 2014, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.