Атырау, 6 желтоқсан 07:39
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

ІІМ Мәжілісте өзін-өзі атқан полицейге қатысты тексеру жүргізіп жатыр

2 033 рет қаралды

Фото: sobitie.com.uaФото: sobitie.com.uaҚР Ішкі істер министрлігі Мәжілісте атылып қалған полицейге қатысты тексеру жүргізетін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің полицейлердің психологиялық тұрақтылығы жөнінде қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл - жекелеген жағдай. Қазіргі уақытта тексеру аяқталған жоқ", - деп жауап берді Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғұмбаев Tengrinews.kz журналисінің Парламент Мәжілісі ғимаратында өзін-өзі атқан полицейге қатысты сұрағына.

Tengrinews.kz-тің мәліметінше, осы жылдың 2 тамызында Парламент Мәжілісінің ғимаратында ҚР ІІМ үкіметтік мекемелерді қорғау жөніндегі полкының 1-батальоны қызметі инспекторының денесі табылған еді. Полиция лейтенанты 1990 жылы туған.

Дереккөз: tengrinews.kz

18 қыркүйек 2014, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.