Фото: РИА НовостиАСТАНА. ҚазАқпарат - Бапкер үш бап бойынша жазаға тартылды: тәртіпсіздік танытуы, нәрселерді лақтыру және төрешілерге тіл тигізу, тәртіпсіз ым-ишараттар көрсеткені үшін. Бұл тәртіпсіздігі қайталанса, одан да қатал шара қолданылуы мүмкін, деп жазады Вести.кз.
"Бұл оқиға жан-жақты қаралған отырыс өтті. Бапкер Назаров 6 ойыннан шеттетілді. Соның біреуі міндетті түрде болса, қалған бесеуі 3 бап бойынша", - деді КХЛ вице-президенті Дмитрий Курбатов.
"Сонымен қатар, оған 160 мың рубль көлемінде айыппұл салынды. Онымен қоса бапкердің жалақысына қарап қосымша жеке айыппұл тағайындалады. Арнайы есеп бар. Бір жылдық жалақы ойын күндеріне бөлініп, дисквалификацияланған мерзімге көбейтіледі", - деп қосты Курбатов.
Ол бұдан да қатал шара қолдануға болатынын айтты. "Біз Александр Иванович Медведевтің (ҚХЛ басшысы), Вячеслав Фетисовтың пікірін білдік. Фетисов мұндайды бұрын ҰХЛ-да да, кеңестік кезеңде де көрмегенін айтты. 10-нан астам матчтан шеттетілуі мүмкін еді", - деді Курбатов.
"Жағдай қайталанатын болса, келесі жаза қаталдау болады", - деп түйді Курбатов.
Еске сала кетейік, Назаров "Адмирал" командасымен ойынның соңында алаңнан қуылды. Бапкер Вячеслав Фетисовты төрешілерге қысым көрсетті деп айыптады. Назаров тәртіпсіз ым-ишараттарды жанкүйерлерге емес, сол кісіге көрсеткенін айтып ақталуда. Бұл ойында астаналықтар 2:3 есебімен ұтылды. Қазақстандық клубқа 16 минуттық жаза тағайындалды. 18 қыркүйекте, қос команда Владивостокта тағы бір кездесу өткізеді.
Дереккөз: inform.kz