Атырау, 26 қараша 02:50
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстанның қорғаныс министрлігі өз әскери қызметкерлерін Украинаға жөнелту туралы өсек-аяңды арандату деп атады

2 603 просмотра

Фото: Қазақстан жаңалықтары ААФото: Қазақстан жаңалықтары АААСТАНА, 18 қыр - Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанның қорғаныс министрлігі өз әскери қызметкерлерін Украинаға жөнелту туралы өсек-аяңды арандату деп атады, деп хабарлады ведомство. 

Ведомствоның мәліметінше Facebook әлеуметтік желісінің кейбір қолданушылары ҚР Қарулы Күштері жекелеген бөлімдерінің әскери қызметшілерін Украина аумағына жіберуге дайындауда деген ақпарат таратқан.

"Аталған хабарлама шындыққа сай келмейді. Бүгінгі халықаралық жағдайда мұндай өсек-аяң тарату арандату болып саналады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жалған ақпарат таратушылар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің талаптарына сай жауапкершілікке тартылатындығын атап көрсетеміз.

Дереккөз: newskaz.kz

18 қыркүйек 2014, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.