Атырау, 26 қараша 01:49
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

СІМ бұрынғы басшысы Ержан Қазыханов Ұлыбританияның елшісі болып тағайындалды

2 628 просмотра

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ержан Қазыханов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Сонымен бірге Қайрат Қуатұлы Әбусейітов Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Ирландия Республикасындағы, Исландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Сағиұлы Тәжиев Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

17 қыркүйек 2014, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.