Атырау, 26 қараша 01:46
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Мәжіліс ҚР Үкіметі туралы Конституциялық заңға енгізілген өзгерістерді мақұлдады

2 743 просмотра
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

Заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына осы жылдың 2 қыркүйегінде енгізілді. Қазақстан Республикасының Конституциясы 61-бабы 2-тармағына сәйкес, Мемлекет басшысы бұл заң жобасының қаралауын жедел деп жариялаған болатын.

Заң жобасында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен орталық атқарушы органдар, орталық атқарушы органдар мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы құзіретті бөлу, ҚР Үкіметіне ҚР Конституциясының 66-бабынан туындайтын базалық негізгі бағыттар бойынша функцияларды, оның ішінде, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуінің негізгі бағыттарын әзірлеу мен оларды жүзеге асыруды ұйымдастыру функцияларын бекітіп беру көзделеді.

Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда қаралған құжатты мақұлдады.

Дереккөз: bnews.kz

 

17 қыркүйек 2014, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.