Атырау, 26 қараша 01:31
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстандық төрешілер Еуропа лигасында тұңғыш рет қызмет етеді

1 629 просмотра

Еуропа лигасының кубогы. ©REUTERSЕуропа лигасының кубогы. ©REUTERSЕуропа лигасы тұңғыш рет қазақстандық реферилердің қызметін пайдаланатын болды, - деп хабарлайды Vesti.kz Футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық мамандар Еуропа лигасының топтық кезеңдеріндегі матчтарда жұмыс істейтін болады. Қарағандылық Александр Кучин бас арбитр ретінде шақырылып отыр. Айта кетейік, бұл рефери 2008 жылдан бері премьер-лига матчтарында қызмет етіп келеді, ол барлығы 71 кездесуде жұмыс істеген. Оған қоса, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының іріктеу кезеңдеріндегі халықаралық матчтарда 34 рет төрелік етті.

Қазақстандық төрешілер тобы Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі швейцариялық "Янг Бойз" және словакиялық "Слован" арасындағы ойында жұмыс істейтін болады. Кездесу 18 қыркүйек күні өтеді. Төрешілер бригадасының толық құрамымен мына жерден таныса аласыздар.

Айта кетейік, былтырдан бері Еуропа лигасы қазақстандық командалардың қатысуымен өтіп келеді. 2014 жылы біріншілікке жолдаманы қарағандылық "Шахтер" жеңіп алды, бірақ кейін хорватиялық "Хайдуктен" ұтылып қалды. "Астана" мен "Ақтөбе" клубтары плей-офф кезеңінде испаниялық "Вильярреалмен" және польшалық "Легиямен" болған ойындарда сәтсіз өнер көрсетті. Алматылық "Қайрат" Еуропа лигасының екінші іріктеу сынында даниялық "Эсбтергтен" ұтылып қалып, лигаға қатысуын тәмамдады.

Дереккөз: tengrinews.kz

16 қыркүйек 2014, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.