Фото: lenta.kzАтырау. 15 қыркүйек. ҚазТАГ – 2014 жылы Меккеге қажылыққа баратын қазақстандықтардың әрқайсысының шығыны $3,5 мыңнан $6 мыңға дейін болуы мүмкін, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
«Қажылыққа баратын әр қазақстандық $3,5 мыңнан $6 мыңға дейін жұмсайды», - деп хабарлады Атыраудағы облыстық қажылар бірлестігінде дүйсенбіде.
Бұл ретте өңірдегі бас имам Батыржан Мансұров биыл Атырау облысынан Меккеге 50-ден астам қажы барады деп мәлімдеді.
«Биыл Атыраудан Меккеге 50-ден астам адам қажылыққа барады. Қажылыққа барушылардың нақты саны әлі есептелетін болады. 15-20 адамнан тұратын қажылыққа барушылардың алғашқы тобы Сауд Арабиясына ұшып кетті. Олар негізінен Алматы арқылы барады», - деді ол.
Оның айтуынша, Қазақстан мүфтиі қаражаты жоқ елдегі барлық имамдар үшін квота бөлген.
«Атырау облысынан осы квота бойынша екі имам барады – Индер және Жылыой ауданынан. Бұдан басқа облыс бойынша тағы екі имам қажылыққа барушыларға ілесіп жүретін болады. Олар қаржылық шығындарын өздеріне алатын фирмаларға бекітілген», - деп атап өтті Б. Мансұров.
Бұл ретте тәуелсіздік алғаннан бері қажылыққа Атырау облысынан 2 мыңдай адам барған.
Еске салсақ, Қазақстанға 2014 жылы 5 мың қажылыққа барушыға квота бөлінген.
Дереккөз: ҚазТАГ