Астана. 16 қыркүйек. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қазақстанда әкімшілік қадағалау орнатылған шартты түрде сотталғандарға, мерзімінен бұрын бостандыққа шартты шығарылғандарға электрондық бақылау білезіктерін сатып алуға Т2,5 млрд қаражат бөлінді, деп мәлім етті ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Ерлік Кененбаев.
«Қазір қылмыстық атқару кодексіне сай, әкімшілік қадағалау орнатылған шартты түрде сотталғандарға, мерзімінен бұрын бостандыққа шартты шығарылғандарға электрондық бақылау білезіктерін кигізбекшіміз. (...) Бүгінге республикалық бюджеттік комиссия оған Т2,5 млрд бөлді», - деді Е. Кененбаев сейсенбі күні Қазақстанда жаңа қылмыстық атқару кодексіне көшуге арналған семинар-кеңесте.
Ол сонымен қатар жаңа заңнама ғылыми-техникалық құралдарды – электрондық бақылау жабдықтарын, тергеу алды тексерудің бірыңғай тізілімін, бейнежауапқа алу және т.б. - кеңінен қолдануды қарастырған.
Дереккөз: ҚазТАГ