Жалпыәлемдік рейтингтің жаңарған нұсқасында Қазақстан жылдың басынан бері төрт сатыға көтеріліп, 52-орынға орналасты. ТМД елдері ішінде еліміз Ресейден кейінгі екінші орынды иеленді. Порталдың мәліметінше, Қазақстанда Интернеттің орташа жылдамдығы - 16,95 мегабит/секунд, ал Ресейде - 24,85 мегабит/секунд (35-орын). Қазақстан бұл жағынан Австралия, Бразилия, Грекия және Италия елдерін артқа тастап отыр. Өзбекстан ТМД елдері ішінде рейтингтің аутсайдері атанды, бұл елде Интернеттің жылдамдығы - 2,43 мегабит/секунд.
Ең жылдам Интернет Гонконгте екен (93,51). Рейтингтің алғашқы үштігіне Сингапур (79,82) мен Оңтүстік Корея (53,93) да еніп отыр. Ең төменгі көрсеткіштер Буркина-Фасо, Гвинея және Гамбияда (1,5 мегабит/секундтан аспайды).
Бұған дейін Қазақстанда ұялы Интернеттің Ресей мен ТМД-ның басқа елдеріне қарағанда танымал бола бастағаны хабарланған еді. Мамандар белсенді қосылулар мен халық санағының арақатынасын бағалаған. Бұл жөнінен Армения көшбасшы атанса, одан кейінгі орындарды Қазақстан мен Ресей иеленді. Айта кетейік, Netindex.com порталының мәліметінше, Қазақстанда ұялы құрылғылар арқылы Интернетке қосылудың орташа жылдамдығы секундына 6,36 мегабит болды.
Дереккөз: tengrinews.kz