Атырау, 21 маусым 13:29
 ашықВ Атырау +21
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65

Алматыдан 248 шақырымда жер сілкінісі болды

1 310 рет қаралды

Қырғызстан аумағында магнитудасы 5-ке тең жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулері 15 қыркүйек күні Астана уақыты бойынша сағат 02.05-те тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 248 шақырым қашықтықта анықталды. Жерасты дүмпулер 10 шақырым тереңдікте болған. Тербелістің әсері туралы мәлімет жоқ. 

Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедицияның мәліметінше, Қырғызстан аумағында 15 қыркүйек күні Астана уақыты бойынша 01.20-да тағы бір сілкініс тіркелді. Магнитудасы 4,4-ке тең дүмпулер Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 297 шақырымда болды. Тербеліс 10 шақырым тереңдікте байқалған. Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ.

Еске салайық, бұған дейін 14 қыркүйек күні Алматы облысында жергілікті уақыт 18.39-да магнитудасы 4,4-ке тең дүмпу тіркелген болатын. Оның ошағы Алматыдан солтүстікке қарай 160 шақырым қашықтықта анықталды. Дүмпулер бес шақырым тереңдікте болды.

Дереккөз: tengrinews.kz

15 қыркүйек 2014, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.