Атырау, 26 қараша 00:26
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Астанада түрік жұмысшылары төбелес шығарды

5 003 просмотра
Астанада "Назарбаев Университеті" құрылыс нысаны жұмысшылары мен асхана қызметкерлері арасында төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2014 жылдың 11 қыркүйегі күні сағат 12:20-да Астана қаласы ІІД Жедел басқару орталығына "Назарбаев Университеті" құрылыс нысаны жұмысшылары мен асхана қызметкерлері - Түркия мен Қазақстан азаматтары арасында төбелес болып жатқандығы туралы хабарлама түсті. Астана қаласының прокуроры Мұхтар Жөргенбаев, қалалық ІІД бастығы Амантай Әубәкіров оқиға орнына барған кезде, құрылыс объектісі жұмысшыларының бірі – Түркия азаматының түскі ас кезінде асхана қызметкеріне ыстық шайдың жоқ болуына және жалпы тамақ сапасының нашарлығына өз наразылығын білдіргені, сол кезде олар сөзге келіп, төбелескендіктері анықталды", - деп хабарлайды прокуратура.

Қала прокуроры құрылыс басында құрылысшылар және тамақпен қамтамасыз ететін жұмыс берушінің әкімшілігімен кездесу өткізді. Сол кезде 100-ге жуық жұмысшы тамақтың сапасы мен ыстық шайдың жоқтығына қатысты өз наразылықтарын білдірді.
"Кездесу нәтижесінде асханада ыстық шай үшін термошайнектер қойылды, ұсынылған тағамның құнарлылығы мен санитарлық нормаларға сәйкестігін анықтау үшін Астана қаласының СЭС мамандары тартылды. Тамақпен қамтамасыз ететіндер ас сапасын жақсартуға міндеттелді. Қалалық полиция дау-жанжал қатысушыларына қатысты тексеруді бастады", - делінген прокуратураның баспасөз парағында.

Дереккөз: tengrinews.kz

 

12 қыркүйек 2014, 14:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.