Атырау, 19 мамыр 12:18
 дождьВ Атырау +22.3
$ 467.58
€ 543.66
₽ 6.44

Н. Назарбаев пен Э. Рахмон ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады

1 823 рет қаралды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Әңгіме барысында екі ел көшбасшылары екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасы еліміздің маңызды серіктесі екенін және Қазақстан оған әрдайым жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін айтты.

Сондай-ақ мемлекет басшылары екі елдің өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастығы мәселелерін де қарастырды.

Сонымен қатар, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттарға қатысты пікір алмасты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

12 қыркүйек 2014, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.