Атырау, 26 қараша 00:20
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Мемқызмет және жемқорлыққа қарсы күрес мемагенттігі барлығы 3 департаменттен тұратын болады

3 286 просмотра

Қайрат Қожамжаров. kapital.kzҚайрат Қожамжаров. kapital.kzАстана. 11 қыркүйек. ҚазТАГ – ҚР мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі бар болғаны 3 департаменттен тұратын болады, деп хабарлады ведомство басшысы Қайрат Қажамжаров.

«Ведомство өзінің ықшам құрылымымен ерекшеленетін болады. Оның құрамында үш департамент болады – мемлекеттік қызмет пен жемқорлық профилактикасы, сотқа дейінгі тергеу мен әкімшілік жұмыс», - деді Қ. Қожамжаров бейсенбіде «Қазақстан-2050» демократиялық күштер жалпы ұлттық коалициясының отырысында. .

Оның айтуынша, «А» басқару корпусының резервінде тұрған тұлғалар агенттікте басшылық қызметтер атқаратын болады.

Орталық аппарат пен аумақтық бөлімшелер жұмысына «беделі таза, үздік мамандар» шақырылады.

«Олар қатаң іріктеуден өтеді. Бос орындарға конкурстан өткен жаңа қызметкерлер алынады», - деді Қ.Қожамжаров.

Ол кандидаттарды іріктеу кезінде полиграфты қолдану қарастырылуда екенін айтты, атап айтсақ, үміткерлер мен қызметкерлердің өздерінен тікелей жоғары тұрған басшылардың ықпалында еместігі тексерілетін болады.

Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы қызметке «Құқық қорғау қызметі туралы» заң да таралады, бөлімше офицерлері погон тақпайды.

Дереккөз: ҚазТАГ

11 қыркүйек 2014, 13:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.