Светлана Жалмағамбетова. ©vesti.kzСенат депутаты Светлана Жалмағамбетова Парламенттегі жалақыны Үкіметпен бір деңгейде көтеруді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Үкіметке бағытталған ұсынысымды айтқым келеді. Елімізде биліктің үш тармағының бар екені белгілі - заң шығарушы, сот және атқарушы билік. Конституция бойынша биліктің барлық тармағы тең. Тиісінше, материалдық жағдайлары, моральдық қамтамасыз етуіле де бірдей, тең болуы керек. Өкінішке қарай, биыл нонсен болды - "А" тобының жалақысы көтерілген кезде, Үкімет мүшелерінің жалақысы артты, бірақ Парламент пен Жоғарғы сотта жалақы жоғарыламады", - деп мәлімдеді Жалмағамбетова палатаның жалпы отырысында.
Депутат биліктің үш тармағының да аппараты теңестірілуі керек екенін айтты. "Өкінішке қарай, бүгінде Жоғарғы сот аппараты Премьер-министр мен Парламенттің кеңсесіне қарағанда, аз жалақы алады. Сондықтан мен келешекте Үкіметке осы жайтты ескеруді және биліктің барлық тармағының материалдық жағдайын, жалақысын теңестіруді, Жоғарғы соттың материалдық қамтамасыз етілуін Премьер-министр кеңсесі аппаратымен теңестіруді ұсынамын", - деді депутат.
Дереккөз: tengrinews.kz
Толығырақ:http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/deputat-parlamentteg-jalakyinyi-ukmetpen-br-dengeyde-arttyirudyi-usyindyi-256617/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Tengrinews.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі