Атырау, 26 қараша 00:30
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ұстаз оқушысын суицидке итермеледі деген айыппен сотталды

1 820 просмотра

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында «15 жасар қызды суицидке итермеледі» деген айыппен 55 жастағы әйел 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды tv7.kz.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ол өз-өзіне қол салған шәкірт оқитын мектепте мұғалім екен. Педагог кәмелетке толмаған қызды балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Мұны көңіліне алып қалған жеткіншек ызаланып, өзіне-өзі қол салған.

«Аталған қылмыстық іс жазғы демалыс уақытында болған. Оның өзінің атқарып жатқан қызметімен ешқандай байланысы жоқ. Бұл бірінші. Екінші, кәмелет жасқа толмаған қыз өзінің артында қалдырған қол хатында аталған азаматшаның өзіне қатысты қадір-қасиетін қорлайтын, ар-намысына тиетін сөздер айтқаны туралы тіл хат қалдырған болатын», - деп түсіндірді облыстық прокуратураның басқарма бастығы Руслан Әбдірайымов.

Айта кетейік, қайғылы жағдай осыдан бір жыл бұрын болған. Былтырғы тамыздан бері марқұмның туыстары қатаң жазаны күтіп жүріпті.

«Біз бір жылдан бері қашан шара көріледі деп күтіп жүрміз. Әлі шара көрілген жоқ. Қайта бұл әйел мектепке барып, жұмысқа шығамын деп жүгіріп жүр екен», - дейді әпкесі Рано Ташниязова.

Дегенмен, сот барысында педагог өз кінәсін мойындамапты. Сондықтан мектеп мұғалімі аппеляциялық сотқа шағымданған.

Дереккөз: bnews.kz

11 қыркүйек 2014, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.