Атырау, 26 қараша 00:30
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Союз ТМА-12М» ғарышкерлері Қарағанды облысына қонды

2 057 просмотра

"Союз" ғарыш кемесінің капсуласы. ©REUTERSБайкоңыр. 11 қыркүйек. ҚазТАГ – Халықаралық экипажы бар «Союз ТМА -12М» транспорттық басқарылатын кемесі Қарағанды облысына қонды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.

«Союздың» қонуының тікелей көрсетілімі ұшуды бақылау орталығынан (ҰБО) берілді.

Роскосмос ақпарына сәйкес ол Жезқазған қаласының оңтүстік-шығысында 08.23-те қонды. Орбитада құрамында Максим Сураев (Роскосмос), борт инженерлер Рида Вайсман ((NASA), Александр Герст (ESA) бар МКС-40/41 экипажы жұмыс жасауды жалғастыруда.

Ал жерге құрамында ТБК командирі, ғарышкер Александр Скворцов (Роскосмос), ғарышкер Олег Артемьев (Роскосмос) және астронавт Стивен Свонсон (NASA) бар МКС-39/40 экипажы жерге оралды. Бұл ұшу Александр Скворцовтың карьерасында екінші болды, ал Олег Артемьев үшін алғашқы болса, Астронавт, МКС-40 командирі Стивен Свонсонның үшінші рет ұшуы.

Еске салсақ, «Союз ТМА-12М» транспорттық басқарылатын кемесі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 2014 жылдың 26 наурызында Халықаралық ғарыш стансына ұшырылды. Экипаж с позывным «Утёс» дабылы бар экипаж орбиталды стансада 175 тәулік болып, 40-тан астам зерттеулер мен эксперименттер жасады. 

Дереккөз: ҚазТАГ

11 қыркүйек 2014, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.