Атырау, 26 қараша 00:40
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстан парламентінің сенаты бірінші оқылымда сот жұмысын реттейтін түзетулерді мақұлдады

2 708 просмотра

Фото: bestnews.kzФото: bestnews.kzАстана. 11 қыркүйек. ҚазТАГ - Оксана Скибан. ҚР парламенті сенатының депутаттары палатаның алқа отырысында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлдады.

 «Жобада судьялардың отставкаға кету ұғымы өзгертілді. Өз еркімен қызметтен босату туралы өтініш жазғаннан кейін 1 ай мерзім өткесін судьялардың өкілеттіктері уақытша тоқаталыда», - деді заң жобасын тақылау барысында жоғарғы соттың азаматтық және әкімшілік істер бойынша қадағалаушы сот коллегиясының төрағасы Еліс Әбдіқадыров.

Ол атап өткендей, судьяларды материалды және әлеумметтік қамтуды көтеруге бағытталған өзгертулер мақұлданған.

Сенаттың салалық комитетінің қорытындысында құжаттың судьялардың тәуелсіздігін күшейтуге, судья лауазымына үміткерлерді конкурстық таңдау рәсімдерін жетілдіруге, судья лауазымына үміткерлерді таңдауда жұртшылықтың рөлін күшейтуге, жетекші судья лауазымдарының кадр резервінің рөлі мен мәнін арттыруға бағытталғандығы айтылған.

 «Жоғарғы және облыстық сот органдарының құрылымына жалпы отырыс төралқасын қосуды көздейтін толықтыру енгізіледі. Жалпы отырыстарда қарау үшін соттар қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды жалпы отырыстың төралқасы әзірлеуді қамтамасыз ететін болады», - делінген хабарда.

Сонымен қатар, жобада облыстық соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының бос қызмет орындарына үміткерлерге талаптар бекітілген. Одан басқа, аудандық соттың төрағасы, облыстық соттың және сот алқаларының төрағалары қызметіне, Жоғарғы Соттың судьялары мен сот алқаларының төрағалары болатын жетекші судья лауазымына таңдау кезінде кадр резервінде тұрған адамға басымдық беріледі.

Дереккөз: ҚазТАГ

11 қыркүйек 2014, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.