Фото: Kazpravda.kzАстана. 11 қыркүйек. ҚазТАГ – Ақорда мен Қазақстан Үкімет үйінің ғимараттарының бейнелері тауарлық белгілер деп бекітілді, деп хабарлады ҚР президент істері басқармасынан.
«Қазақстан Республикасы президент істері басқармасы ҚР президентінің резиденциясы «Ақорда» мен «Үкімет үйі» әкімшілік ғимаратының 9 тауарлық таңбаларлын тіркеді және мәжіліс пен ҚР парламент сенатының бейнелерімен қоса алғанда 6 тауарлық таңбаны тіркеді», - деп крсетілген басқарма сайтының орыс тілді бөлімінде.
Тіркеу туралы куәлікті ҚР әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті халықаралық тауарлар классификациясының барлық 45 классы бойынша 2023 жылға дейінгі мерзімге берді.
Сөйтіп, ҚР президент істері басқармасының тауарлық белгілердің иесі ретінде 1957 жылы 15 маусымда Ница Келісімінде бекітілген халықаралық тауарлар мен қызмет клссификациясында қарастырылған барлық класстар бойынша оған тиесілі тауарлық таңбаларды өз қалауынша пайдалануға және оларға билігін жүргізуге айырықша құқығы бар.
«Аталған тауарларлық белгілерді басқа тұлғаларлдың тиісті келісімсіз пайдалануы Қазақстан Республикасында қарастырылған жауапкершілік тудырады», - делінген хабарда.
Дереккөз: ҚазТАГ