Мәжiлiс «ҚР Үкiметi туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерiстер енгiзу туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасын бiрiншi оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
Заң жобасында Қазақстанның үкiметi мен орталық атқарушы органдар, орталық атқарушы органдар мен жергiлiктi атқарушы органдар арасындағы құзыреттi бөлу көзделген. Сонымен қатар, аталған құжатта ҚР Президентi Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан үкiметiне ҚР Конституциясының 66-бабынан туындайтын базалық негiзгi бағыттар бойынша функцияларды әзiрлеу мен оларды жүзеге асыруды ұйымдастыру жүктеледi. Нақтырақ айтқанда, мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуiнiң негiзгi бағыттары.
«Министрлiктер мен үкiметтiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдарға стратегиялық, реттеу, iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын орындау, стратегиялық жоспарлар мен бағдарламаларды iске асыру бойынша өкiлеттiктер бекiтiледi. Министрлiктердiң ведомстволарына реттеу, iске асыру және бақылау-қадағалау фнукцияларын жүзеге асыру бойынша, ведомстволардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша нормативтiк-құқықтық актiлердi бекiту жөнiндегi функциялар бекiтiледi», - дедi өз баяндамасында Ұлттық экономика министрi Ерболат Досаев.
Оның айтуынша, заң жобасын iске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржыны қажет етпейдi және әлеуметтiк-экономикалық және құқықтық терiс салдарға әкелiп соқпайды.
Дереккөз: bnews.kz
10 қыркүйек 2014, 10:07
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.