Фото Мәсімовтың әлеуметтік желідегі ресми парақшасынан алынды. Астана. 5 қыркүйек. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялау туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметінен.
«Елдегі қоғамдық келісімді одан әрі нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан халқының ұлттық бірлігін қамтамасыз етудегі рөлін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялансын.
Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) құрылсын.
Мыналар:
1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;
2) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген Ақорданың сайтында жұма күні жарияланған хабарда.
Жарлыққа 29 тамызда қол қойылды және қол қойылған күнен бастап қолданысқа енеді.
Еске салсақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында мемлекет басшысы 2015 жылды ҚХА жылы деп жариялауды ұсынды.
«Келесі, 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялауды ұсынамын», - деді ол.
Дереккөз: ҚазТАГ