Атырау, 18 мамыр 10:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Эдуард Мацкевичпен қоштасу 6 қыркүйекте Жазушылар одағының ғимаратында өтеді

1 528 просмотра

 Эдуард Мацкевич. Фото gazeta.kz сайтынан алынды. Эдуард Мацкевич. Фото gazeta.kz сайтынан алынды.Алматы. 5 қыркүйек. ҚазТАГ – Өрт кезінде қаза болған танымал қазақстандық жазушымен әрі журналист Эдуард Мацкевичпен қоштасу 6 қыркүйекте сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін Қазақстан Жазушылар одағының ғимаратында өтеді, деп хабарлады агенттікке шығармашылық бірлестіктен.

Азаматтық жаназадан соң ол Алматының орталық зитратына жерленеді. Еске алу асы 14.00 сағатта «Алтын-Ай» кафесінде (Қабанбай батыр, 60, Қалдаяқов көшесімен қиылысында) болады, деп хабарлады туыстары.

Кеше ҚазТАГ хабарлағандай, Алматыда өрт кезінде танымал қазақстандық жазушы және журналист Эдуард Мацкевич қаза болды. Оның пәтері толығымен жанып кетті, және үстіңгі қабаттағы пәтер де зақымданды. Сол үйдің иелері өрт сөндірушілерді шақырды. Тұрғын үй тұрғындарының болжамжарынша, өрт себебі электр сымының тұйықтануынан немесе электр аспаптарының ақауынан болуы мүмкін. Э. Мацкевичта өте көп кітаптар болатын, олар тұтанып кетіп, осыншама жалынға орауы мүмкін.

Эдуард Мацкевич 1939 жылы Алматыда туылған. С.М. Киров ат. Қазақ мемлекеттік университеттің журналистика бөлімін бітірді. Шығыс Қазақстан облыстық газетінде, республикалық «Ленинская смена» жастар газетінде, «Простор» журналында қызмет атқарды, «Известия» газетінің Қазақстандағы тілшісі болды, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.

Жазушының алғашқы «Лесное яблоко» («Орман алмасы») кітабы 1965 жылы жарық көрді. Ол «Хроника мужества и нежности», «Синий соболь», «Время первой тропы», «Зеленое ожерелье», «Пещера Черной Торопыги» атты деректі және көркем прозаларының авторы.

Э.Мацкевич республикадағы тұңғыш «Экологический курьер» газетінің ұйымдастырушысы әрі тұңғыш бас редакторы болды. Оның дарынды қаламынан Қазақстанның табиғи байлығын қорғау туралы жануарлар әлемін сақтау туралы кітаптар туындаған. Оқырмандардың ерекше ілтипатына бөленген Э. Мацкевичтің «Красный сайгак» атты кітабы болды. 

Дереккөз: ҚазТАГ

5 қыркүйек 2014, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.