Фото: mahalla1.ruҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қазақстанда 2,5 мың-нан астам ата-ана бала асырап алу кезегінде тұр, деп мәлім етті ҚР БҒМ балалар құқығы комитетінің төраға орынбасары Мәншүк Әбдікәрім.
«Бізде бүгінге 2,5 мың-нан астам ата-ана бала асырап алу кезегінде тұр, олардың 10%-дайы
6 жастан асқан баланы асырап алуды қалайды. Қалғандары 3-ке дейінгі балаларды, және дені сау балаларды асырап алғысы келеді», - деді М. Әбдікәрім бейсенбі күнгі брифингте.
Оның айтуынша «балалар үйлерінде әлеуетті ата-аналарға ұқсайтын дені сау балалар жоқтың қасы».
М. Әбдікәрімнің айтуынша Астанада бір жетім баланы асыру үкіметке жыл сайын Т1,5 млн-ға, ай сайын – Т118 мың, тәулігіне – Т4 мыңға түседі екен.
Сондай-ақ елбасының тапсырмасын орындау аясында отбасылық үлгідегі балалар үйін салу жүргізілуде.
«Егер өздерінің отбастарына балалар үйінен 10-шақты бала алатындар бар болса, оларға балалар үйіндегі шығындарды төлеу мүмкіндігі болар еді», - деді М. Әбдікәрім.
Оның айтуынша, баланы күтуге керек қаражаттан басқа жалақыға, жөндеу жұмыстарына, т.б. шығындар қарастырылады екен.
«Ірі балалар үйін жеңілдету үшін біз балаларды отбасыларға бере аламыз. Материалдық тұрғыдан да біз қолдай аламыз, оған заңнама нормалары бар», - деді ол.
Комитет басшысының айтуынша, соңғы 5 жылда еліміздегі жетім балалар саны 8812 адамға дейін қысқарды, балалар үйіндегі балалар саны – 5237 адамға қысқарды.
БҒМ мәліметтерінше, республикада 33,6 мың жетім бала мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады. Олардан 21,8 мың балалар қазақстандықтардың отбасыларында қамқорлықта немесе қорғауында, 1,9 мың бала патронаттық тәрбиеде. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 9,8 мың бала толығымен мемелкет қамқорлығында. Қазақстанда жетім балаларға арналған барлығы 188 мекеме жұмыс істейді.
Дереккөз: ҚазТАГ