Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының кеңесшісі Олжас Құдайбергенов долларға қатысты теңге бағамының ауытқуына қатысты мәлімдеме жасады.
"Бүгінгі таңда Ұлттық банктің бағамның 185 теңгеден +/- 3 теңге 185 теңгеге +3/-15 теңгеге дейін ауытқу дәлізінің кеңеюіне қатысты әлеуетті шаралары қызу талқылануда. Бұл жаңалыққа қатысты мәлімдеме жасау мүмкіндігі бүгін ғана пайда болды", - деп жазды О.Құдайбергенов "Фейсбук" әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.
Оның болжамына қарағанда, доллар бағамы 179-182 теңге шамасында болады.
"2010 жылы ақпанда болған тәжірибені мысал ретінде алуға болады. Девальвациядан бір жыл өткен соң Ұлттық банк 150 теңге +/-3% дәлізінен 150 теңге +10%/-15% (+15 теңге/-22,5 теңге) дәлізіне өту шешімін қабылдады. Дәліздің кеңдігіне қарамастан 1 долларға шаққандағы теңге бағамы 146-147 теңге болып бекіді. Өткен тәжірибе мен бүгінгі жағдайды саралай келе, бүгінде бағам 179-182 теңге шамасында болады деп ойлаймын", - деді сарапшы.
Сондай-ақ О.Құдайбергенов ресейлік рубльге қатысты мәлімдеме жасады.
"Теңгеге деген қысым қайдан басталатынын түсіндіру үшін толық жасайын. Ағымдағы жылдың ақпанындағы девальвация кезінде 1 доллардың құны шамамен 36,5 рубльді құрады. 20%-ды есептесек 43,8 болады. Осы бағамға жақындаған сайын, теңгеге деген қысым көбейеді. Алайда, дұрысы номиналдық бағам емес, нақты бағам. Былайша айтқанда, Ресейде қазір инфляция белсенді бола түсті - бұл инфляция рубльдің құлдырауын қалыпқа келтіріп, теңгеге деген қысымды жеңілдетеді. Басқаша айтқанда, рубль бойынша 20-пайыздық құлдырауға инфляцияны алып тастау арқылы қарау керек, яғни нақты ауыстыру бағамы, сыни межел 43,8 емес, әрі қарай болады", - деді ол.
"Ресей - жалғыз сауда әріптесіміз емес екенін түсінуіміз керек. Сондықтан рубльдің өзгеруі жеткіліксіз. Мұндай өзгеріс кем дегенде сыртқы саудадағы 3-4 ірі әріптес елде болуы тиіс. Мұның барлығы келесі жылдың соңына дейін болуы екіталай, сондықтан рубль бойынша аздаған ауытқуға назар аударудың қажеті жоқ", - деп түйді Ұлттық банк өкілі.
Қайрат Келімбетовтің кеңесшісі бұл мәлімдеме Ұлттық банктің ресми ұстанымы емес, өзінің жеке пікірі екенін атап өтті.
Дереккөз: NUR.KZ